Адал Ұрпақ

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының   2020-2021  оқу жылына арналған   жоспары

2020-2021 оқу жылы бойынша мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін  қалыптастыруға арналған бағдарлама

Ақжарқын орта мектебінің мектепішілік ерікті «Адал ұрпақ» клубы ұйымының мүшелері тізімі

 

Адал ұрпақ клубы мүшелеріне "Адалдық-арлының ісі" тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Өткізген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манав Алмагуль

 

 

9 "а" сыныбында "Мемлекеттік қызмет талаптары" тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Өткізген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манав Алмагуль

  

 

Ақжарқын орта мектебінде  «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы ақпарат беру сағатының өткізілуі туралы ақпарат

Ақжарқын орта мектебінде  «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы ақпарат беру сағаты ұйымдастырылды. Ақпарат сағаты екі тілде өткізілді. Орыс сыныптары үшін тарих пәні мұғалімі Жамбаев Рашид Жасуланович, қазақ сыныптарына тарих пәні мұғалімі Ундетбай Арапхан өткізді. Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатысты сұрақтарын қойып, толыққанды жауап ала алды.

 

Ақжарқын орта мектебінің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырған «Адал ұрпақ» клубы мүшелерімен өткізілген театрландырылған қойылым туралы ақпарат

Ақжарқын орта  мектебінің  8-9 сынып оқушылары «Жолайрық» сахналық қойылымын  көрсетті. 

Қоғамда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  Т.Теменовтың «Жолайрық» атты қойылымы болып өтті. Аталған  қойылымға мектеп оқушылары мен мұғалімдері  қатысып, қойылымнан  мол  әсерлер  алды.

Сахналық қойылым студенттің оқу оқып жүрген кезінен бастау алған пара берушілік сияқты жиіркенішті әрекетінен басталады. Оқуды тәмәмдаған соң да, жұмыс орнына пара беру арқылы орналасады. Негізінен пара беруші дәрігер мамандығының иегері. Ауруханаға сырқаттанып түскен біреудің анасы, бірудің жарына ота жасау жолдарын білмей тұрған пара беруші рөлі өте аянышты екенін сомдаған 10 сынып оқушысы Кудайберген Г. Әр баланың жүрегіне жеткізе білді. Ота дұрыс жасалмаған әйел өмірден өтеді. Дәлізде дәрігерді тосып тұрған сырқаттанушының күйеуін көрген кезде дәрігер ұялғаннан не істерін білмеді. Пара беру арқылы оқыған, жұмысқа тұрған жанның әрекеті өзге жанның жанын арашалай алмады.